БАЙҚАУ! «Үздік аула» және «Үздік үй»

Құрметті Балқаш қаласының тұрғындары!

2025 жылғы 18 тамыз бен 30 тамыз аралығында Балқаш қаласы әкімдігі қала тұрғындарының белсенді өмірлік ұстанымын, азаматтық жауапкершілігін арттыру және қоғамдық өмірге қатысуға ынталандыру мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Үздік аула» және «Үздік үй» байқауларын өткізеді.
Аталған байқау қала аумағын күтіп ұстау, абаттандыру және көгалдандыруды жақсарту жөніндегі тұрғындар бастамаларын қолдауға бағытталған.
Байқауға Балқаш қаласының барлық тұрғындары мен қызмет көрсетуші ұйымдар мен мекемелердің басшылары қатыса алады.
Жеңімпаздар арнайы сертификаттармен марапатталады.
Қатысуға өтінімдерді 2025 жылғы 25 тамызға дейін «Балқаш қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жолдауға болады.
Байқау ережелерімен Балқаш қаласы әкімдігінің ресми сайтында таныса аласыздар.

Дата публикации
12 августа 2025