Балқаш қалалық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкімін сайлау бойынша дауыс беру қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

2025 жылғы 22 маусымда Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкімінің сайлауы өтті.

Балқаш қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 3-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкімін сайлау нәтижелері туралы №206 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

сайлау округі бойынша сайлаушылар тізімінде 215 азамат бар, оның  139-ы дауыс берді, жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны - 0, «Барлығына қарсы» деген белгі бар - 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ахметов А.Р. - 10; Әбіш Н.Қ. – 16; Саданов А.Е. – 111.

Гүлшат кентінің әкімі болып Азамат Елеусизович Саданов сайланды, 1979 жылы туған, Балқаш қаласында тұрады.

Балқаш қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
23 июня 2025