Балқаш қалалық сайлау комиссиясының отырысында Гүлшат кентінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары қаралды.
2025 жылғы 15–27 мамыр аралығында Гүлшат кентінің әкіміне 3 кандидат ұсынылды. Оның ішінде саяси партиялардан – 1, өзін-өзі ұсыну тәртібімен – 2. Ұсынылған кандидаттар – ер адамдар.
Үміткерлердің орташа жасы 39 жас.
Мамандықтары бойынша: 1 экономист және 2 заңгер.
Ұсынылған кандидаттардың 2 мемлекеттік қызметші, 1 бюджеттік ұйымның қызметкері болып табылады.
Әкімге ұсынылған барлық кандидаттар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР Заңының 36-бабының және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.
Қазіргі уақытта Гүлшат кенті әкіміне кандидаттарды тіркеу рәсімі басталды.