Қарағанды облысы Балқаш қаласының аумақтық сайлау комиссиясының Гүлшат кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысы Балқаш қаласының аумақтық сайлау комиссиясының
Гүлшат кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысы Балқаш қаласының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 3 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Қарағанды облысы Балқаш қаласының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 мамырдағы №1 Қаулысымен Қарағанды облысы Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкімінің сайлауы 2025 жылдың  22 маусымына  тағайындалғанын хабарлайды.

Гүлшат кенті әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 15 мамырында басталып, 2025 жылдың 27 мамырында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Гүлшат кенті әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 1 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 1 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 21 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Қараменде би көшесі 15, байланыс телефоны 8/71036/65908.

 

Балқаш қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Қарағанды облысы Балқаш қаласының аумақтық сайлау комиссиясының Гүлшат кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ № 1 14 мамыр 2025 жыл
Дата публикации
14 мая 2025