Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ардағым – Ардагерім» акциясы аясында
еріктілер ардагерлерге құрмет көрсетіп, игі істер атқарды. Акция барысында олар ардагерлердің үй маңындағы аумақтарды тазалап, қоқыстардан арылтты, үйлерін ретке келтіріп, тұрмысқа жайлы жағдай жасады. Бұл шаралар соғыс ардагерлеріне қамқорлық танытып қана қоймай, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің жарқын үлгісі болды.