2025 жылдың 24 сәуірінде "Таза Қазақстан" жобасы аясында Жастар ресурстық орталығы мен Балқаш технология және сервис колледжінің және Жастар рухы Жастар қанаты еріктілерінің қолдауымен "AMANAT" партиясының бастамасымен көл жағасында және "Мәңгілік алау" монументінің жанында "Таза бейсенбісі" экологиялық акциясы өтті
Акцияға студенттер белсенділер жастар ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты Қатысушылар қоқыстарды жинады, аумақты құрғақ бұтақтар мен пластикалық қалдықтардан тазартты осылайша табиғатқа қамқорлық пен ескерткіш орындарға құрмет көрсетті
Іс-шараның негізгі мақсаты-жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілік сезімін дамыту
Мұндай бастамалар қоғамды асыл мақсаттар үшін біріктіруге ықпал етеді және біздің қаланы таза әрі жайлы етеді