Қазақстан Республикасының № 148 «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына және Қазақстан Республикасының № 156 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес шешім жобасы (бұдан әрі-жоба) әзірленді.
Аталған жоба Балқаш қаласы азаматтарының қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте жүру үшін (таксиден басқа) жекелеген санаттарына жеңілдіктер беруге бағытталған.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды.