Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру: қолайлылық пен тиімділікке қадам.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, Балқаш қаласының жергілікті атқарушы органдарымен халыққа мемлекеттік қызметтің 49 түрі көрсетіледі. 2024 жылы барлығы 11062 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде, қағаз түрінде –28, қағаз түрінде, бірақ «электрондық үкімет» веб – порталы және/немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетуге болатын – 176, мемлекеттік корпорация арқылы – 2839 және электронды түрде 8019 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 

Азаматтарға мемлекеттік  қызметтерді электрондық форматта алу артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы хабардар етуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл күту уақытын қысқартып, оларды алудың ыңғайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Цифрлық технологияларды белсенді енгізу мемлекеттік қызметтерді оңтайландырудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Осы өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан мемлекеттік қызметтер саласын сенімді түрде дамытып, оларды ашық, қолжетімді және тиімді етуде.

         Балқаш қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді сапалы түрде көрсетуі Балқаш қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің тұрақты бақылауында.

         Жалпы, Балқаш қаласының әкімдігі мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырады.

Дата публикации
07 февраля 2025