Мемлекеттік қызмет қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы «Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» №55/415 шешіміне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, Балқаш қаласында және іргелес кенттерде (Гүлшат, Саяқ) тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, жалғыз тұрғынжайға меншік иесі немесе жалдаушысы болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегі отбасының жиынтық табысы, пайдаланатын тұрғын үйдің ауданы және нақты коммуналдық қызметтерді (тариф немесе есептеу құралдарының көрсеткіші бойынша),оның ішінде қатты отынды тұтынуға байланысты, әрбір отбасыға жеке есептелінеді.
Сонымен бірге, отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалар шегінде есепке алынады:
ауданының әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды (бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін - пәтердің жалпы ауданы);
Тұрғын үй көмегінің мөлшері коммуналдық қызметтерді пайдалану шығындарының (әлеуметтік норма бойынша) төлеу сомасы мен отбасының шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Қолданыстағы Ережеде, шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi, жалпы сома есебімен отбасының жиынтық табысына 8 пайыз мөлшерде белгіленген.
Көмек тоқсан сайын тағайындалады (өтініш берілген айдан бастап, ағымдағы тоқсанның аяғына дейін).
Есептеу мысалдары:
1) Шекті жол берілетін шығыстар сомасы - 10763тг. (134532тг * 8%)
Тұрғын үй көмегі: 10095тг = (20858 - 10763)
Отбасының жиынтық табысының мөлшері 134532тенге (еңбек ақы – 90000,00 теңге, кәмелет жасқа толмаған 4 баласы бар көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы - 44532 теңге). Нақты тіркелген және тұрып жатқан 6 адам.
1) Шекті жол берілетін шығыстар сомасы - 10763тг. (134532тг * 8%)
2) Коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары -34308тг:
Тұрғын үй көмегі: 23545тг = 34308тг – 10763тг
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.
«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және
әлеуметтікбағдарламалар бөлімі» ММ