Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңы тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты қайта өткiзу туралы хабарландыру
- «Балқаш қаласы ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі»ММ Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының 179 тармағына сәйкес 2024 жылғы "29" желтоқсан Балқаш қаласы Уәлиханова көшесі 5 үй, 2 қабат, 5 бөлме мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қала iшiлiк және қала маңы тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурстың қайта өткiзілетіні туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:
|
пакета № (лот)
|
Маршрут №
|
Маршрут атауы
|
Автобус саны
|
Резерв
|
1 класс автобустары
|
|
1
|
1
|
Самал ш.а. - БТМЗ
|
6
|
2
|
30 жолаушыдан кем емес
Отыратын орындар
|
|
4
|
Автобекет – Қонырат мөлтек ауданы
|
2
|
|
11
|
ТЖ вокзалы - БТМЗ
|
2
|
|
12
|
ТЖ вокзалы - 90 орам
|
2
|
|
14
|
90 орам - БЖЭО
|
1
|
|
15
|
ТЖ вокзалы - БТМЗ
|
2
|
|
16
|
Жұмысшылар кенті-Нанзавод
|
1
|
|
2
|
3Б
|
ТЖ вокзалы – Ақ тас
(маусымдық 15 сәуірден – 15 қазан)
|
1
|
|
30 жолаушыдан кем емес
Отыратын орындар
|
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi «Балқаш қаласы ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі»ММ Уәлиханова көшесі 5 үй, 2 қабат, 3 бөлме мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2024 жылғы "16" желтоқсан сағат 18:30 ға дейін.
- 2024 жылғы "20" қараша сағат 11:00 конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефондар: 8(71036)4-97-60.