«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін құқық, кәсіпкерлік, құрылыс, сәулет және жер қатынастары бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен және ветеринария, еңбек қатынастары және әлеуметтік қамсыздандыру, мұрағат ісі және құжаттамамен қамтамасыз ету, мәдениет, өнер және тілдерді дамыту бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.
Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және gainagul82@mail.ru электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:
а.ж. 01 – 07 қазан аралығы