«Атаулы әлеуметтік көмек» мемлекеттік қызметі туралы

Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК)  отбасының әрбір мүшелеріне шаққандағы кірісі кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға тағайындалады, яғни өңір  бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы                 (2-тоқсан 2024ж. – 32496 теңге).                

            АӘК өтініш берген айдан бастап, ағымдағы тоқсанға, тоқсан сайын  тағайындалады.                                                                                                          

          АӘК мөлшері балаларды қоса алғанда, отбасының барлық мүшелеріне кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.          Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркелген (6 айдан кем емес), бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін отбасының әрбір мүшесінің барлық табыс түрлері есепке алынады (АӘК тағайындауға өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған).

          Мысалда көп балалы отбасы (6 адам):

           Отбасының жиынтық табысының мөлшері айына 189183 теңгені құрайды (2024 ж. 2 тоқсан: еңбекақы - 390000 теңге, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы – 177549 теңге);

         Жан басына шаққандағы орташа табыс:31530 тг=(189183тг/6 адам);

         2024 жылдың 2 тоқсанына кедейлік шегі – 32496 теңге;

         АӘК мөлшері: бір адамға 966тг = (32496тг-31530тг),

         отбасына 5796тг = (966тг*6).

         Бір жастан бастап алты жасты қоса алғанда, әрбір балаға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезеңінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшерінде (5538 теңге) ай сайынғы қосымша төлем төленеді.      

         Атаулы әлеуметтік көмек:

         1) Табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);

         2) Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады;

         3) АӘК тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға);

        

 

 

        

         4)   Материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

         Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

          1) Мансаптық орталығы;

          2) кент әкімі;

          3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

                                               

                                                              «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және

                                                               әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

 

Дата публикации
13 июня 2024