2024 жылдың 18 наурызында «Ашық әкімдік» ғимаратында халыққа электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке барысында азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетудің ең сұранысқа ие бағыттары бойынша консультативтік – әдістемелік көмек ала отырып, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, ауылшаруашылық техникаларын тіркеу саласы, азаматтық хал актілерін тіркеу саласы, әлеуметтік сала, білім,санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және архив салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді орнында алуға өтініш берді.
Аталмыш іс – шарада 45 – ке жуық қала тұрғыны қатысып, 9 тұрғынға онлайн-режимде «өзіне – өзі қызмет көрсету» бұрышында электрондық мемлекеттік қызметтерді, электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алуға әдістемелік көмек көрсетілді.
Келешекте осындай іс – шараларды жиі ұйымдастыру жоспарлануда.

