2020 жылғы 04 наурыздағы «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ конкурстық комиссия отырысының қорытындысы
2020 жылғы 04 наурыздағы «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссиясының соңғы (бұдан әрі-Комиссия) қорытынды отырысы өтті.
Өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша Комиссия бос лауазымдарға орналасу үшін келесі үміткерге қатысты оң қорытынды қабылдады:
- «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы (2020 жылғы 22 шілдеге дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне, Е-3 санаты, №5-1, 1 бірлік) бос орынына Нурсултан Кайратович Абишевтің кандидатурасы ұсынылды.
- «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты, №6-1-1, 1 бірлік, 2022 жылғы 15 қазанға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдық бос орнына Райкул Картаевна Сарсенбаеваның кандидатурасы ұсынылды.