2020 жылғы 29 сәуірдегі «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ конкурстық комиссия отырысының қорытындысы
2020 жылғы 29 сәуірдегі «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссиясының соңғы (бұдан әрі-Комиссия) қорытынды отырысы өтті.
Өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша Комиссия бос лауазымдарға орналасу үшін келесі үміткерлерге қатысты оң қорытынды қабылдады:
«Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ басшысы (E-R-1 санаты, №1-1, 1 бірлік) бойынша Әділет Нұрахметоллаұлы Нұрахметолланың кандидатурасы ұсынылды.
«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ қаржы - шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (Е-3 санаты, №4-1, 1 бірлік) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдық бос орнына Алтынай Магауиевна Даниярованың кандидатурасы ұсынылды.