2020 жылғы 20 қаңтардағы «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ конкурстық комиссия отырысының қорытындысы
2020 жылғы 20 қаңтардағы «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссиясының соңғы (бұдан әрі-Комиссия) қорытынды отырысы өтті.
Өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша Комиссия бос лауазымдарға орналасу үшін келесі үміткерге қатысты оң қорытынды қабылдады:
«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бас маманы (Е-4 санаты, №10-1-1, 1 бірлік) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдық бос орнына Торгын Ануарбековна Ахметованың кандидатурасы ұсынылды;
«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және жұмылдыру жұмысы бойынша бас маманы (Е-4 санаты, №9-1-1, 1 бірлік) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдық бос орнына Айдос Жуманулы Шокатаевтың кандидатурасы ұсынылды;
«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты, №3-1-3, 1 бірлік) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдық бос орнына Жанайдар Сабитұлы Сәкеннің кандидатурасы ұсынылды.