«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі туралы

 

«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі туралы

         Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2002 жылғы                         11 шілдедегі №343 «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы  қолдау туралы»  Заңына,  Балқаш  қалалық  мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы №29/226 «Мүгедектер қатарындағы кемтар  балаларды  жеке  оқыту  жоспары   бойынша  үйде   оқытуға   жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешіміне, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

Үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өтеу (толық мемлекет  қарауындағы мүгедектігі бар балалардан басқа) ата-анасының біреуіне  және  мүгедектігі бар балалардың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі және 2023 жылдың мамыр айынан бастап әр балаға тоқсан сайын он айлық есептік көрсеткіш немесе жалпы сомасы 34500 теңге мөлшерінде белгіленді.

Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын «Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ-нің анықтамасында көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

Шығындарды  өтеуді  тоқтатуға  әкеп  соққан  жағдайлар бар болғанда  (мүгедектігі бар баланың  он сегіз жасқа толуы, мүгедектігі бар баланың  қайтыс болуы, мүгедектікті  алып  тастау, мүгедектігі бар баланың  интернат-үйі  немесе  санаторлық  мектепте  оқып  жатқан кезеңінде), төлемдер  сәйкес  жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

 Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1)  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2)  www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

3) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы;

4) мүгедектігі туралы анықтама;

5) банкте шоттың болуы туралы құжат;

6) оқу орнынан мүгедектігі бар баланың үйде оқитындығын растайтын анықтама.

        

         Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.

 

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және 

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

 

Дата публикации
25 сентября 2023