2023 жылдың 17 қыркүйегінде Балқаш қаласының бір сайлау округінде сайлау өтті.
Балқаш қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 44 бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10 бабына сәйкес, №204,№205 учаскелік сайлау комиссиясының Балқаш қаласы Саяқ кенті әкімін сайлау нәтижелері хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Саяқ кенті әкімін сайлау жөніндегі
Саяқ сайлау округі
Аталған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1139 азамат енгізілген, оның 798-і дауыс беруге қатысты. Жарамсыз болған бюллетендер - 20. «Барлығына қарсы» - 18.
Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:
Бурлинов М.Б. – 151 ; Кудайберлин Н.Б. – 456; Оразбаев М.Қ. - 153.
Сайлаушылардың басым көпшілігінің дауысын алған Кудайберлин Н.Б. Саяқ кентінің әкімі болып сайланды. 1990 жылы туған, «Саяқ кенті әкімі аппараты» ММ бас маманы. Балқаш қаласында тұрады. «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Балқаш қалалық сайлау комиссиясы