ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІНІҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІНІҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

 

2023 жылғы 28 тамызда сағ. 15.00-де Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаевтың Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесу Балқаш қаласында М.Хамзина атындағы мәдениет сарайында, Абай көшесі, 32 өтеді,

15.00 – 16.00 – азаматтарды жеке қабылдау

16.00 – 16.30 – бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг

16.30 – 18.00 – тұрғындармен кездесу

Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағанды облысы әкімдігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: ұялы. 8 (775) 123 42 39 және электрондық мекен-жайға: b.isina@ecogeo.gov.kz

Жеке қабылдауға жазылу үшін  тел.: 8 (775) 123 42 39,  8 (71036) 41935.

         Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар вице-министріне сұрақ қоюға шақырамыз.

Дата публикации
24 августа 2023