Балқаш қаласы Саяқ кенті әкімін сайлауы туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Балқаш қалалық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 15/2 шешімімен Балқаш қаласының Саяқ кенті әкімінің сайлауы 2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалды.

Әкімге кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 10 тамыздан басталып, 2023 жылғы 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Әкімге кандидаттарды тіркеу 2023 жылғы 27 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

        Балқаш қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
09 августа 2023