«Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай бөлім) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Бөлімнің мынадай ведомстволары бар:
- «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Балқаш саңыраулар клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
- «Тілдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
- «Балқаш» қалалық спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
- Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, бекітілген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Бөлімге егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.
- Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері - Қазақстан Республикасы, 100300, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 3.
- Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
- Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 - тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
- Мақсаттары:
- Театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметін үйлестіру және қолдау; олардың әдістемелік, консультациялық және практикалық көмегін қамтамасыз ету, олардың жұмысын реттеу;
- Республикалық, облыстық, қалалық байқауларға, фестивальдерге, спорттық жарыстарға қатысып, жоғары көрсеткіштерге ие болып жүрген жас таланттарды табуға және қолдау көрсетуге ықпал ету;
- Ұлттық өнер мен халық шығармашылығын дамыту және қолдау;
- Қалада дене шынықтыруды, бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін ұйымдастыру және дамыту;
- Мәдени және спорт объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болу;
- Қаладағы тіл жағдайына талдау, мониторинг жасау;
- 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның, 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңның, 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңның, 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының мәдениет, мемлекеттік және басқа да тілдерінің қолданылуы мен дамуы, дене шынықтыру және спорт саласындағы қолданыстағы өзге де нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету мәселелерінде мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
- Өкілеттіктері:
- құқығы:
- Өз қызметін орындауға қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан бекітілген тәртіпке сәйкес сұратуға, бөлімнің құзіретіне жататын сұрақтарды дайындау және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру шеңберіндегі ісшараларды жүргізуге мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерінің қатысуын ұйымдастыруға;
- Қала әкіміне мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орган қызметін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар беруге, бөлімнің жүргізуіне жататын сұрақтар бойынша ақпараттық-аналитикалық және басқа да материалдарды дайындауды іске асыруға;
- Меншік формасына қарамастан, мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіпорындармен тіл заңнамасын орындау сұрақтарында, мемлекеттік тілді насихаттау мен дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік ісшараларды дайындау және жүргізуде өзара қызмет етуге;
- Тіл саясаты, мәдениет, дене шынықтыру және спорт сұрақтары бойынша семинарлар, кеңестер, конференцияларды ұйымдастыруға, қала, облыс және республика деңгейіндегі әр түрлі мекемелердің, органдардың, қоғамдық бірлестіктердің осы сияқты форумдарына қатысуға.
- міндеті:
- Бекітілген тәртіпке сәйкес тұрғындардың хаттары мен шағымдарын қарастыруға, жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға;
- «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік бағдарламасын, Президент Жарлықтарын, Үкімет қаулыларын, бөлім қызметінің мәселелері бойынша қала әкімінің шешімдері мен өкімдері негізінде және орындау мақсатында бұйрықтар, нұсқаулықтар және басқа да актілерді шығаруға;
- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 75, 156, 455 (екінші бөліктің алтыншы және жетінші тармақшалары, үшінші және бесінші бөлігі), 488-1 баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқылы.
- Функциялары:
- Кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс, дене шынықтыру және спорт қызметі саласындағы мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, сондай-ақ тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, ұлттық спорт түрлерін дамыту жоспарларын әзірлеу және іске асыру, қызмет бағыттары бойынша тұрғылықты жері бойынша тиісті инфрақұрылым құрау;
- Өз бағыттары бойынша Балқаш қаласының аумағын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар мен конкурстарды ұйымдастыру және өткізуді үйлестіру;
- Тұрғындардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа түрлерін дамыту, жаңа қазақстандық мәдениетті қалыптастыру бағытында ведомствоға бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысын бақылау;
- Кітапханалар желісін құру және дамыту, олардың қорларын қалыптастыру, кітапханалардың дамуын әдістемелік қамтамасыз ету;
- Мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- Мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу;
- Қала аумағында тілдерді дамытуға байланысты ведомстволық ұйымдардың қызметін үйлестіру;
- Қала аумағында тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындалуын бақылау;
- Қала аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету және спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiру;
- Қала аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;
- Аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалық спорттық жарыстарды өткiзу;
- Жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасау;
- Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құру;
- Спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асыру;
- Аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың құрама командаларының тізімдерін қалыптастыру және бекіту;
- Халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз ету;
- Спорт түрлерi бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
- Ресми ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде медициналық, қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша қала аумағында мәдениетті, дене шынықтыру мен спортты дамыту, тіл саясатын іске асыру жөніндегі ақпаратты мерзімінде жинау, талдау және ұсыну;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, облыс және қала әкімдіктері қаулыларының, облыс және қала әкімдерінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
- Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
- Қала аумағында мәдениет мекемелерін, спорт ғимараттарын салу және олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру;
- Мүгедектерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн мәдениет объектілері, спорт ғимараттарына баруға жағдай жасауды, арнайы спорттық мүліктерді берудi қамтамасыз ету;
- Бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- Заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
- Өз құзыреті шегінде мәдениет саласында коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыру;
- Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың Жарғысын (Ережесін) бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
- Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қаржыландыру жоспарларын бекіту;
- Ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардың негізгі қызметін қаржыландыруға, мәдениет, тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған қаражаттың жұмсалуын бақылау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындардың ақылы қызмет көрсетуін бақылау;
- Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау және көмек көрсету;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім бойынша кітапхана және музей ісі, мәдени-сауық қызметі, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату;
- Мемлекеттік мәдениет және дене шынықтыру және спорт ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;
- Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру;
- Спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айыру;
- Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
- Бөлімге басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
- Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
- Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды ұйымдастырады және оны жүзеге асыруда дербес жауапкершілік артады;
- бөлімнің қызметін басқарады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілік артады;
- бөлім қызметкерлерінің арасында функционалдық міндеттемелерді бөлуді іске асырады;
- ведомстволық бағыныстағы мекемелер, кәсіпорындар туралы Жарғыларды (Ережелерді) бекітеді, олардың қызметтерін және құзіреттерін айқындайды;
- бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеттестігін реттейді;
- кадрларды орналастыруды жүргізеді әрі бөлім аппараты мен оның жүйелерінің құрылымы және штаттық кесте бойынша ұсыныстар енгізеді;
- бекітілген кадр саны, еңбек ақы қоры шеңберінде бөлім аппараты мен оны жүйелері бойынша штаттық кестені бекітеді;
- өз құзыреті шегінде басшы қолданыстағы заңдар негізінде бұйрықтар шығарады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қала әкімдігінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
- стратегиялық және ағымдық жоспарларды бекітеді;
- бекітілген заңнамалық тәртіпке сәйкес бөлім қызметкерлеріне және ведомстволық бағыныстағы мекеме басшыларына тәртіптік жазалар қолданады;
- бекітілген заңнамалық тәртіпке сәйкес бөлім қызметкерлерін және ведомстволық бағыныстағы мекеме, кәсіпорындар басшыларын көтермелеулерді іске асырады;
- мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Бөлімнің атынан өкілдік етеді;
- заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
- Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Бөлімге берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- Бөлімде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
- «Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлімнің мынадай ведомстволары бар:
- «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Балқаш саңыраулар клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
- «Тілдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
- «Балқаш» қалалық спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.