Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабына және «Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.12.2008 жылғы № 1228 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оған қаржылық есептілікті ұсынатын жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийі құрылды. Депозитарий деген жыл сайын ұйымдар ұсынатын жылдық қаржылық есептілік пен аудиторлық есептерді, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты пайдаланушыларға ашық қолжетімділікпен қамтитын электрондық деректер базасы (www.dfo.kz веб-сайты).
Заңның 1-бабына сәйкес жария мүдделі ұйымдар ол, қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар (коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруші ұйымдарды қоспағанда) және жарғылық капиталында мемлекет үлесі бар ұйымдар сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар. Қарағанды облысында депозитарийдің деректер базасында 294 жария мүдделі ұйымдар бар.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2022 жылғы 28 қантрадағы № 94 бұйрығымен бекітілген Депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну қағидаларының 3 және 4 тармақтарына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), ұйымдар (есепті кезең ішінде әрекетсіз және есепті кезеңнің 1 қаңтарына дейін банкрот деп жарияланғандарды қоспағанда) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей депозитарийдің интернет – ресурсы арқылы салалық заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген, депозитарийді жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын уәкілетті болып айқындалған ұйымға жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес аудит міндетті болып табылатын ұйымдар Портал арқылы Уәкілетті ұйымға қаржылық есептілікпен бірге «PDF (Portable Document Format) электрондық форматтағы аудиторлық есепті (сканирленген көшірме, қол қойылған және қағаз жеткізгіштегі аудиторлық ұйымның мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған) Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен ұсынады.
2022 жылы Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) депозитарийге жылдық қаржылық есептілікті уақтылы ұсынбағаны үшін 25 жария мүдделі ұйымды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 239 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып 8 882,7 мың теңгеге айыппұл салынды.Қаржылық есептіліктің міндетті аудитін жүргізуден жалтарғаны және депозитарийге аудиторлық есепті ұсынбағаны үшін 9 жария мүдделі ұйым Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 250 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып 382,9 мың теңгеге айыппұл салынды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты Қарағанды облысындағы барлық жария мүдделі ұйымдарға 2023 жылдың 31 тамызына дейін Депозитарийге 2022 жылға арналған қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті ұсынуды естеріңізге саламыз.
Қарағанды облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маман-мемлекеттік аудиторы
Б.Ж. Алтынбеков