Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы ереже)

Бекітемін

Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысы

___________Б.Асылбеков

2016 жылғы " 20 " желтоқсан

 

Персоналды басқару қызметі туралы ереже
(кадр қызметіне)

 


Жалпы ережелер

 


Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің Мемлекеттік қызмет саласындағы актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мыналардан тұрады:

1) бөлім басшысы-1 бірлік – ;

2) бас маман-1 бірлік.;

Бөлімнің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімдік қаулысымен бекітіледі.

 


Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері)

 


Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті: мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

Функциялар:

1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;;

2) мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) жүргізу.

Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті – мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.
Функциялар:
1) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

2) мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде "мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамалардан өткізуді, даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады»;
3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету болып табылады;

4) Мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту рәсімдерінің сақталуын, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) қамтамасыз ету болып табылады;

5) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру.
5. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті – мемлекеттік органда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.

Функциялар:

1) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында айқындалатын персоналды басқару жөніндегі өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие болады.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі):

1) өзіне заңмен және осы үлгі Ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;

2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайды.
9. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан дербес, жауапты хатшыға немесе аппарат басшысына, ал жауапты хатшы және аппарат басшысы лауазымдары енгізілмеген мемлекеттік органдарда - мемлекеттік органның басшысына тікелей бағынады.

 


Бөлімнің мүлкі

 

Бөлімнің жеке мүлкі жоқ, бөлімнің барлық мүлкі әкім аппаратының балансында тұрады.

Бөлім басшысы және бөлім мамандары сеніп тапсырылған мемлекеттік мүліктің сақталуына жауапты болады.

 

 

 

Басқарма қызметінің басшысы

персоналмен

Балқаш қаласы әкімінің аппараты ММ

 

 


Ережемен таныстым:

Бас маман ________________________________

Дата публикации
16 июля 2020