Жалпы ережелер
Қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) "Балқаш қаласы әкімі аппараты" ММ (бұдан әрі – ММ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, қала әкімінің аппарат басшысының өкімдік құжаттарын, осы Ережені және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымы мыналардан тұрады:
1) бөлім басшысы-1 бірлік – ;
2) бас маман-2 бірлік – ;
Бөлімнің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімдік қаулысымен бекітіледі.
Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Бөлімнің негізгі міндеттері болып табылады:
4.1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шоттар жоспары бойынша қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру;
4.2) белгіленген мерзімде қаржылық, статистикалық, салықтық есептілікті уақтылы және сапалы жасау және тиісті ведомстволарға ұсыну;
4.3) осы жұмыстарды механикаландыру негізінде бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу.
4.4) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру.
4.5) Қазақстан Республикасының 21.07.2007 ж. № 303-III "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына және Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесіне сәйкес мемлекеттік сатып алуды уақтылы және сапалы өткізу.
Бөлімнің функциялары:
5.1) бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді;
5.2) құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуін және жасалатын операциялардың заңдылығын бақылауды жүзеге асырады;
5.3) міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарымен бекітілген сомалар шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылайды;
5.4) қазынашылықтың аумақтық органында ММ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен жасасқан шарттарды тіркеуді жүзеге асырады;
5.5) барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында аналитикалық есеп жүргізуді, мемориалдық ордерлер жасауды уақтылы көрсетеді; ;
5.6) ММ қызметкерлері мен штаттан тыс қызметкерлерінің еңбекақысын және басқа да ақшалай төлемдерін белгіленген мерзімде есептеуді және төлеуді, салықтар мен міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аударуды қамтамасыз етеді;
5.7) белгіленген тәртіппен жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысуларды уақтылы жүргізуді жүзеге асырады;
5.8) ММ активтердің, арзан және тез тозатын заттар мен басқа да материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
5.9) қызметкерлер мен өнім берушілердің қолда бар дебиторлық берешегін өндіріп алу және кредиторлық берешектерін өтеу бойынша бақылау жүргізеді;
5.10) ММ балансындағы ақшалай қаражаттарға, есептерге және материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтауды және оларды есепте көрсетуді қамтамасыз етеді;
5.11) бухгалтерлік есеп пен есептілікті автоматтандыруды ұйымдастырады, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; ;
5.12) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы бойынша жартыжылдық, тоғыз айлық, жылдық есептілікті (теңгерімді) жасайды және белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне, "Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімінің"басшысына ұсынады.
5.13) кредиторлық, дебиторлық берешек бойынша тоқсан сайынғы есептілікке талдау жасайды және белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне, "Балқаш қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау және қаржы бөлімінің" басшысына ұсынады»;
5.14) ММ статистикалық ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептілікті жасайды және Балқаш қаласы бойынша статистика басқармасына ұсынады;
5.15) тоқсандық салық есептілігін жасайды және тиісті салық басқармасына жолдайды;
5.16) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның соңғы өзгерістеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша жұмысты жетілдіреді; »;
5.17) тоқсандық, жылдық қаржылық есептілікті тексереді және талдайды және белгіленген мерзімде Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысына ұсынады; »;
5.18) негізгі құралдарды есептен шығаруды жүзеге асырады және "Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі" басшысының қарауына қорытынды дайындайды»;
5.19) дебиторлық және кредиторлық берешектің жағдайына талдау жүргізеді және "Балқаш қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау және қаржы бөлімінде" жұмыс тиімділігін бағалау үшін ақпарат дайындайды»;
5.20) банктік шоттарда ақшаның болу есептілігін жасайды және белгіленген мерзімдерде "Балқаш қаласының экономика және қаржы бөліміне" ұсынады»;
5.21) активтер мен міндеттемелерді түгендеудің жүргізілуін, түгендеу нәтижелерін айқындаудың уақтылығы мен дұрыстығын және ұсынылған қаржылық есептілік негізінде олардың есепте көрсетілуін бақылайды;
5.22) мерзімі өткен берешекті өтеу жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асырады және мәліметтерді белгіленген мерзімдерде Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысына ұсынады; »;
5.23) бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырады.
Бөлімнің құқықтары мен міндеттері
Жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезінде бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен құқылы:
6.1) Бөлім құзыретіне кіретін қаржылық мәселелер бойынша ұсыныстарды әкім аппараты басшысының қарауына енгізу;
6.2) мүліктің сақталуын күшейту, бухгалтерлік есеп пен бақылаудың дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
6.3) мм басқа құрылымдық бөлімшелерінен Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті есептерді, анықтамаларды, ақпараттарды және басқа мәліметтерді сұратуға және алуға.
Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
Бөлімді қала әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады. Бөлім басшысы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады. Осы мақсатта бөлім басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) жалпы басшылықты жүзеге асырады, бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөледі және олардың өз функционалдық міндеттерін, әкім аппараты Басшысының тапсырмаларын орындауын бақылайды;
3) Өз құзыреті шегінде қызметтік, қаржылық құжаттарға қол қояды;;
4) бөлімде іс жүргізуді ұйымдастырады; ;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлім басшысы ММ басшылығы тапсырмаларының сапалы орындалуына, ағымдағы және келешектегі жұмыс жоспарларының іске асырылуына дербес жауапты болады.
Негізгі қызметкер уақытша болмаған жағдайда оның лауазымдық міндеттерін аппарат басшысының келісімі бойынша бөлімнің бас маманы атқарады.
Бөлім мамандары өз өкілеттіктерін өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім мамандары еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауға, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, сондай-ақ "мемлекеттік қызмет туралы"Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған негізгі міндеттерді орындауға тиіс.
Бөлім мамандарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, еңбек тәртібін бұзғаны үшін оларға тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін.
Бөлімінің басшысы қаржы-
шаруашылық қамтамасыз ету
Ережемен таныстық: __________________ А. Даниярова
__________________ Б. Сактанова