2023 жылғы 20 шілдеде «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ конкурстық комиссия отырысының қорытындысы
Мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурстық комиссияның шешімі:
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізілді.
Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес «Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы (санаты E-R-1, 1 бірлік, №1-1), А блогы лауазымына кандидаттардың болмауына байланысты бос қалдырылсын.
Өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша Комиссия бос лауазымға орналасу үшін келесі үміткерге қатысты оң қорытынды қабылдады:
«Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ сектор меңгерушісі (санаты E-R-3, 1 бірлік, №1-2) А блогы, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Айгерим Бакытовна Абдибекованың кандидатурасы ұсынылды