Жер қатынастары саласындағы алаяқтық туралы ескерту жөніндегі жадынама

Жер учаскесін сатып алғанда, сатушыда құқық белгілейтін құжаттардың болуына назар аударыңыз.
- Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің түпнұсқасы
-Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні (сатып алу-сату шарты, мұраға құқық туралы куәлік және т. б.) беру негізінің түпнұсқасы)
Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттарда жер учаскесінің сәйкестендіру деректері туралы ақпаратта алшақтық болмауы тиіс, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке (жер учаскесіне) құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәландыратын мөр болуы тиіс.
Жер телімін иеліктен айыру бойынша барлық мәмілелер нотариалды ресімделген болуы тиіс.

Дата публикации
14 июля 2020