Қарағанды облысы Білім басқармасының «Балқаш қаласы білім бөлімінің «№4 Жалпы білім беретін мектебі» КММ қоғамдық бақылау жүргізілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес, қоғамдық бақылау мүшелерімен бірлесе отырып, мүгедектерге арналған мекемелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша Қарағанды облысы Білім басқармасының «Балқаш қаласы білім бөлімінің «№4 Жалпы білім беретін мектебі» КММ қоғамдық бақылау жүргізілді. Топ мүшелігінің құрамына: қалалық маслихат депутаты Г.Т. Шайкенова, Балқаш қаласы әкімінің мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері жөніндегі кеңесшісі М. Орынбаев, Балқаш қаласы әкімінің экология, кәсіпкерлікті дамыту, туризм және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі А.Адамбекова, «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мамандары Ш.Т.Журчинова, П.М. Мукашева кірді.  Рейдтік іс-шара барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.  

 

 

Дата публикации
26 июня 2023