Балқаш қаласының жергілікті атқарушы органдарымен халыққа мемлекеттік қызметтің 59 түрі көрсетіледі. 2022 жыл басынан бері барлығы 18 493 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде, қағаз түрінде – 28, қағаз түрінде, бірақ «электрондық үкімет» веб – порталы және/немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетуге болатын – 165, мемлекеттік корпорация арқылы – 4 699 және электронды түрде 13 601 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2021 жылғы 08 желтоқсанындағы № 51 – ө бекітілген «Балқаш қаласының жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша 2022 жылға ішкі бақылау жүргізу Жоспарына» сәйкес, ішкі бақылау мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелерде ай сайын жүргізіледі. 2022 жылы барлығы 13 бақылау іс – шарасы өткізіліп, «Мониторинг» АЖ арқылы 7 мемлекеттік қызметтің мерзімі бұзылғандығы анықталды.
Мемлекет басшысының «Естуші мемлекет» қағидасын жүзеге асыру мақсатында, Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысымен Балқаш қаласы бойынша бейімдеуге жататын объектілерді қоғамдық бақылау кестесі бекітілді. Аталмыш бағытта 2022 жылы барлығы 10 іс – шара өткізілген болатын. Рейдтік іс – шараның қорытындысы бойынша мекеме басшыларына ұсыныстар берілді.
Балқаш қаласының жергілікті атқарушы органдары қызметінің ашықтығын және әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру мақсатында, 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің 5 отырысы өткізілді, атап айтқанда: Балқаш қаласының мемлекеттік мекемелерімен халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша өткізілді.
«Елге қызмет» ақпараттық жобасы аясында, 2022 жылы электрондық мемлекеттік қызметтерді ұлғайту мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелерді «Өркен – Медиа» телеарнасына шығару жоспары бекітілді. 2022 жылы азаматтық хал актілері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдер мамандарының қатысуымен барлығы 7 сюжет шығарылды. Сондай – ақ, бұл сюжеттер қала тұрғындарымен көбірек қаралу мақсатында, мемлекеттік мекемелердің ресми интернет – платформаларында орналастырылды.
Мемлекеттік қызметтер әрқашан сапалы және қолжетімді нысанда көрсетілуі қажет. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастамасымен 2022 жылы 3 онлайн жәрмеңкесі өткізіліп, денсаулық сақтау, азаматтық хал актілерін тіркеу, әлеуметтік сала және т.б. салаларда мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Тікелей эфир барысында қызмет берушілер мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша әдістемелік көмек көрсетті.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың негізгі факторларының бірі – мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын тиісті деңгейде білетін білікті мамандар. 2022 жылы барлығы 4 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында – 3, «Astana - Gold» Қазақстандық кәсіптік оқу орталығында – 1 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Тұрақты негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының өкілдерімен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша техникалық оқытулар жүргізілуде, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында, Желілік кестеге сәйкес мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу үшін халық арасында онлайн – оқытулар (zoom платформасы арқылы) өткізілді. Сонымен қатар, жергілікті БАҚ «Балқаш өңірі» мен «Северное Прибалхашье» газеттерінде аталмыш бағытта мақалалар жарияланып отырады.
Осылайша, 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында барлығы 163 түсіндірме іс – шарасы өткізіліп, халықты ақпараттық – түсіндіру шараларымен 14 00 аса адам қамтылды.
Барлық мемлекеттік мекемелерде электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін 46 өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштары (оның мектептерде – 19, мектепке дейінгі мекемелерде – 14) бар.
Жалпы, Балқаш қаласы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтерді көрсетуді оңтайландыру және электронды форматқа көшіру, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жұмыстары жалғастырылуда.