Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

2023 жылдың 14 маусымында «Ашық әкімдік» ғимаратында халыққа электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңке барысында азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетудің ең сұранысқа ие бағыттары бойынша консультативтік – әдістемелік көмек ала отырып,  жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, ауылшаруашылық техникаларын тіркеу саласы, азаматтық хал актілерін тіркеу саласы, әлеуметтік сала, білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді орнында алуға өтініш берді.

Аталмыш іс – шарада 60 – қа жуық қала тұрғыны қатысып, 12 тұрғынға онлайн-режимде «өзіне – өзі қызмет көрсету» бұрышында электрондық мемлекеттік қызметтерді, электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алуға әдістемелік көмек көрсетілді.

Келешекте осындай іс – шараларды жиі ұйымдастыру жоспарлануда.

Дата публикации
16 июня 2023