Қаланың болашағы үшін әрі жас кәсіпкерлерді қуантатын бірегей мүмкіндік.

"Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ келесі орындар бойынша стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін жалға алу құқығына конкурс өткізетінін жариялады:
1) орталық саябақ- 20 жер учаскесі
2) қалалық аурухана ауданындағы жағажай-4 жер учаскесі
3) Русаков көшесі үйіне қарама – қарсы - 2-4 жер учаскесі
4) Астана аллеясы-4 жер учаскесі
5) Бөкейханов даңғылы – 4 жер учаскесі
6) "Жастар" алаңы-2 жер учаскесі
Бұл жер учаскелері бизнесті дамытуға ыңғайлы, адам көп уақыт өткізетін жерлерде орналасқан.
Шарттары: сауда павильондары, аттракциондар, функционалды жылжымалы асханалар, қолайлы әрі қала келбетіне сай болуы керек.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі: өтінімдерді жинау және конкурстың өзі. Стационарлық емес сауда объектісі конкурсының жеңімпазымен 1 жыл мерзімге меморандум жасалып, кейіннен ұзартылады. Сондай-ақ ол жер учаскесін жалдау ақысын төлеуден босатылады.
Конкурсқа қатысу үшін: өтінімдер мен құжаттарды (жобаның эскизін) электронды поштаға жіберу қажет; blhop@mail.ru
Өтінімдер ағымдағы жылдың 13 маусымынан 25 маусымға дейін қабылданады.

Дата публикации
16 июня 2023