«Қарағанды облысы Балқаш қаласының мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ -де қоғамдық бақылау

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, мүгедектер үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Балқаш қаласы әкімінің аппараты ММ қызметшілерімен А.М. Баканова,  А.Т. Бекжанова қоғамдық бақылау мүшелерімен бірлесе отырып «Қарағанды облысы Балқаш қаласының мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ мүгедектерге арналған мекемелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қоғамдық бақылау жүргізді. Топ мүшелігінің құрамына: Балқаш қаласы әкімінің мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері жөніндегі кеңесшісі М. Орынбаев, «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мамандары Ш.Т.Журчинова, П.М. Мукашева кірді..  Рейдтік іс-шара барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

Дата публикации
13 июня 2023