«Металлург» спорт кешенінде қоғамдық бақылау

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес, Балқаш қаласы әкімінің аппараты ММ қызметшілері А.М. Баканова, А.Т. Бекжанова қоғамдық бақылау мүшелерімен бірлесе отырып мүгедектерге арналған мекемелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша Балқаш қаласының «Металлург» спорт кешенінде қоғамдық бақылау жүргізді. Топ мүшелігінің құрамына: қалалық маслихат депутаттары К.В. ШафиковаГ.Т. Шайкенова, Балқаш қаласы әкімінің мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері жөніндегі кеңесшісі М. Орынбаев, «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мамандары Ш.Т.Журчинова, П.М. Мукашева кірді.  Рейдтік іс-шара барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.   

 

Дата публикации
01 июня 2023