Құрметті балқаштықтар!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы  «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысы негізінде және Балқаш қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі №17/03 қаулысына сәйкес Балқаш қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясымен Балқаш қаласындағы 9 құрамдас бөліктің атауын қайта атау:

  1. 9 шағынаудан;
  2. 10 шағынаудан;
  3. 90 орам;
  4. Цветочный тұйық көшесі;
  5. Станционная көшесі;
  6. Мехколонна орамы;
  7. Қ.Сәтбаев көшесі;
  8. Шашубай тұйық көшесі;
  9. «ВЛКСМ–ге 30 жыл» саябағы

және 2 құрамдас бөлік атауының транскрипциясын:

  1. Садык Мухамеджанов шағынауданын – Сыдық Мұхамеджанов шағынауданына;
  2. К.Сатпаев шағынауданын – Қаныш Сәтбаев шағынауданына өзгерту мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар жарияланатынын хабарлаймыз.

Осыған байланысты Сіздерді 2023 жылғы 30 маусымда                  сағат 12-00-де өтетін көпшілік тыңдауларға қатысуға шақырамыз.

Өтетін жері: М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының үлкен залы, Абай көшесі, 32.

 

 

Балқаш қалалық мәслихатының бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы,  әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясы

 

Дата публикации
30 мая 2023