Қоғамдық бақылау

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес, «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметкерлері А.М. Баканова, А.Т. Бекжанова қоғамдық бақылау мүшелерімен бірлесе отырып мүгедектерге арналған мекемелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша  Караменде би, 15 мекенжайы бойынша орналасқан Ашық әкімдік ғимаратында қоғамдық бақылау жүргізді. Топ мүшелігінің құрамына: "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ ардагерлермен, мүгедектермен және аз қамтылған азаматтармен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі Ж. Шорманова,  Балқаш қаласының құрылыс бөлімінің басшысы және бас маманы С. К. Мусин, С. Сламғали кірді. Рейдтік іс-шара барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

Дата публикации
15 мая 2023