«QazInnovations» ИДЖҰА» АҚ Инновациялық даму саласындағы ұлттық институты ағымдағы жылдың 10 сәуірі мен 10 мамыры аралығында бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу бойынша қызметтерді көрсетуге өтінімдерді қабылдаудың басталуын ұйымдастырғанын хабарлайды (https://qazinn.kz/ru/podderzhka).
Конкурстық іріктеу үшін қажетті құжаттар мыналар болып табылады:
1) Қоғаммен жасалған Шарт бойынша фото/бейне инфрақұрылымы қоса берілген Бизнес-инкубаторлардың қызметтеріне ақы төлеудің барлық кезеңіне қолданылатын кемінде 200 (екі жүз) шаршы метр көлеміндегі әкімшілік үй-жайды жалдау шарты немесе меншік құқығын растайтын құжат;
2) кемінде 1 (бір) жыл қолданылу мерзімімен білікті кадрлармен жасалған кемінде 2 (екі) еңбек шарты, жоғары білімі туралы құжат, сондай-ақ көрсетілген білікті кадрлардың бейіні бойынша біліктілігін арттыру туралы құжат;
3) мемлекеттік қолдаусыз кемінде 6 (алты) ай толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ақша қаражатының болуы туралы құжатпен (анықтама) және 1 (бір) жылдан кем емес есептік кезеңмен «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген құжаттармен расталған қаржылық төлем қабілеттілігі туралы ақпарат;
4) жоғары оқу орнымен стартаптарды қолдау және дамыту бойынша қолданылу уақыты кемінде 6 (алты) ай мерзімге ынтымақтастық туралы келісім;
5) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар бойынша салық берешегінің және (немесе) аударымдар бойынша берешегінің, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама (конкурстық іріктеуге қатысуға үміткер Бизнес-инкубатордың сәйкестігін тексеруді Қоғам салық түсімдері мен бюджетке төленетін төлемдерді қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырады);
6) өтінім берген күнге дейін 15 (он бес) жұмыс күнінен ерте емес алынған кредиттер бойынша мерзімі өткен ағымдағы берешегінің жоқтығы туралы кредиттік бюро берген ақпараттар;
7) инкубациялық бағдарламаны және (немесе) оның элементтерін (тренингтер, семинарлар, стартаптар конкурстары және өзге де қызметтер) жүргізу тәжірибесі туралы растайтын материалдары бар есеп;
8) жобаларды инкубациялау және (немесе) акселерациялау әдістемесі (оқыту семинарларының, лекциялардың, практикалық жаттығулардың, консультациялардың жоспарын қамтитын білім беру бағдарламасы);
9) бизнес-инкубаторды/акселераторды дамытудың 2 (екі) жылға арналған жоспары;
10) бизнес-инкубациялауды жүргізудің күнтізбелік жоспары;
11) Шығындар сметасына сәйкес шығыстарды бөлумен шығыстар сомасы.
Таңдауды растайтын құжаттар мен негіздемелер: негізгі және балама коммерциялық ұсыныстар (2 дана), алдын ала шарттар, сілтемелер. Жалақы деңгейін растайтын құжаттар: статистикалық деректер, скриншоттар және ұқсас дағдылары бар мамандар үшін ұсыныстар орналастырылған интернет-ресурстарға сілтемелер.
Аталған мемлекеттік қолдау шарасы 2023 жылғы 01 қарашаға дейінгі игеру мерзімімен 35 миллион теңгеге дейін қаржыландыруды көздейді және келесі шығындардың баптарын қамтиды:
1) инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – үй-жайларды жалға беру;
2) Бизнес-инкубатор қызметкерлерінің жалақысы (салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда);
3) маркетингтік шығыстар;
4) іссапар шығыстары;
5) бизнес-инкубациялау бойынша іс-шараны іске асыру үшін үшінші тұлғалар және (немесе) бірлесіп орындаушылар орындайтын жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер.
Құжаттарды тапсыру үшін порталда ЭСҚ арқылы (https://portal.qazinn.kz/ru/login) немесе Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі 55/13, С 2.1 блогы мекенжайы бойынша тікелей тіркелу қажет. Консультация алу телефоны: 8 7172 72 55 83 (ішкі 205, 208).