сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүрігізу бойынша жұмыс тобының құрамы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік Қағидаларына сәйкес:
​1. Осы өкімнің №1 қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүрігізу бойынша жұмыс тобының құрамын бекітілсін.
2. Осы өкімнің №2 қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесі бекітілсін.
3. Балқаш қаласы әкімінің 2019 жылғы 28 қарашадағы «Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобының құрамын бекіту туралы» №99-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
​4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі аппараты басшысы Данияр Базарбекұлы Серіковке жүктелсін.

Дата публикации
13 апреля 2023