2023 жылғы 09 наурыздағы "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" ММ "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидатты іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қорытынды отырысы өтті.
Өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша Комиссия бос лауазымға орналасу үшін келесі үміткерге қатысты оң қорытынды қабылдады:
«Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы (Е-R-1 санаты, №1-1, 1 бірлік, 2024 жылғы 30 маусымға дейін негізі қызметкердің оқу демалысында болған мерзіміне, негізі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар) А блогы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Дидар Муратович Бейсикеновтың кандидатурасы ұсынылды.