2023 жылғы 21 ақпандағы "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" ММ "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидатты іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қорытынды отырысы өтті.
Өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша Комиссия бос лауазымға орналасу үшін келесі үміткерге қатысты оң қорытынды қабылдады:
«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі әкімнің бас инспекторы (санаты E-3, 1 бірлік, №3-1-1, В блогы) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Дәуірхан Темірханұлы Жеңістің кандидатурасы ұсынылды.