Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереже

Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 22.07.2019 № 74 Жарлығымен.

       Ескерту. Мәтін бойынша "Министрлік", "Министрліктің" деген сөздер, тиісінше, "Агенттік", "Агенттіктің" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестерінің мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 22.07.2019 № 74 Жарлығымен.

Дата публикации
16 февраля 2023