ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ БАЛҚАШ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТАРЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 09 ақпанда Балқаш қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда Қарағанды облыстық және Балқаш қалалық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары қаралды.

Ағымдағы жылдың 20 қаңтары мен 08 ақпаны аралығында барлығы 49 кандидат ұсынылды, оның ішінде облыстық мәслихатқа - 3.

 

1) оның ішінде саяси партиялардан-20:

«АМАНАТ» - 14,

«ҚХП» - 2,

«Ақ Жол» - 1,

«Ауыл» - 1,

«Байтақ» - 2.

2) өзін - өзі ұсыну тәртібі-29.

 

Ұсынылған үміткерлердің ішінде:

ерлер - 34-і (69,4%)

әйелдер - 15-і (30,6%)   

Үміткерлердің орташа жасы – 43. Ең жас үміткер 22 жаста, үміткерлер арасындағы ең үлкен жас – 61 жаста.

 

Барлық ұсынылған кандидаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келеді.

 

Қазіргі уақытта Қарағанды облыстық және Балқаш қалалық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды тіркеу рәсімі басталды.

 

 

Балқаш қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
09 февраля 2023