ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ

Балқаш қаласында 2024 жылы іске асыру үшін "Халық қатысатын бюджет" абаттандыру жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау 20 қаңтар басталады. Балқаш тұрғындары ұсыныстарды 1 наурызға дейін Балқаш қаласы әкімдігінің сайтына жібере алады.

Халық қатысатын бюджет – азаматтардың жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуы.

Халық қатысатын бюджет шеңберінде мынадай іс-шараларды іске асыру дауыс беруге шығарылады және әкімдік (әкім аппараты) тарапынан жүзеге асырылады:

1) аумақты көгалдандыру;

2) тротуарларды жайластыру;

3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

4) ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;

5) жиектерді, тас төсеуіштерді, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;

6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;

7) жалпы пайдалану орындарында балалар ойындары және ересектердің демалысына арналған күркелерді, орындықтарды, урналарды, жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу;

8) аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалардың ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.

9) Санитария қамтамасыз ету.

Бір жобалық ұсынысты енгізу кезіндегі шекті құны мыналардан аспайды:

     Облыстық маңызы бар қала және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудан үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес мың еселенген мөлшерінде (51 750 000 теңге).

Тиісті елді мекендердің тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтардан мен 1 наурыз аралығында жүзеге асырылады.

Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:

1) жобалық ұсыныстың атауы бір ұсыныс шегінде қысқа баяндалуы тиіс және берілетін жобалық ұсыныстың мақсаттарына қайшы келмеуі тиіс;

2) жобалық ұсыныстар мынадай критерийлерге сай болуға тиіс:

Бір өтінім – бір нысан;

Қала тұрғындары үшін қолжетімділігі шектеулі жалпы пайдаланылатын объект;

объект оны іске асыру жоспарланып отырған қала аумағында және коммуналдық меншіктегі жер учаскесінде орналасуы тиіс;

3) жобалық ұсынысты жүзеге асыру Балқаш қаласы әкімдігінің құзыреті шегінде болуы тиіс;

4) қала тұрғындары үшін өзектілігі.

Қатысу бюджеті шеңберінде:

1) тұтас емес, фрагменттік сипаты бар (болашақта элементтердің бірін орындау қосымша элементтерді іске асыруды талап етеді);

2) Балқаш қаласының даму басымдықтарына сәйкес келмейтін;

3) жеке коммерциялық сипаттағы ұсыныстарды іске асыруды көздейтін жобалық ұсыныстар қарауға қабылданбайды.

Автор тек бір жобалық ұсыныс бере алады.

Жобалық ұсыныстар электрондық түрде интернет-ресурста «қатысу бюджеті» бөлімінде беріледі.

Жоба ұсынысына автор міндетті түрде шығындардың болжамды сметалық есебін, сондай-ақ жобаның фото/эскизі/макеті/схемасын (оларды интернет-ресурстан пайдалануға болады) қоса береді немесе автор жобалық ұсынысты Интернет-ресурста беру кезінде іске асырылатын жобаны эскиздер мен шығындар сметасын қамтитын типтік жобалық ұсыныстардың тізімінен таңдайды.

Жобалық ұсыныстың авторы кез келген уақытта өзінің жобалық ұсынысын қараудан алып тастайалады.

Бұл ретте, бір қаржы жылы ішінде оларды іске асыру мүмкіндігі бар жобалық ұсыныстар басым болып табылады.

Дата публикации
20 января 2023