Құрметті Тораңғалық және Шұбартүбек кенттерінің жер пайдаланушылары!

Сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынамыз:

22.10.2021 жылғы "Қарағанды облысы Балқаш қаласы мен Ақтоғай ауданының шекараларын (шегін) өзгерту туралы" Қарағанды облысының әкімдігінің №76/01 және Қарағанды облыстық мәслихатының №116 бірлескен қаулысы мен шешімі негізінде, балқаш қаласы жерлерінің аумағына ауданы 8 744 га, Ақтоғай ауданы аумағы жерлерінің бөлігі: Торанғалық және Шұбартүбек кенттері қосылды.

Осыған орай, Тораңғалық және Шұбартүбек кенттерінің жер пайдаланушылары (жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалану құқығындағы жеке және заңды тұлғалар) жылдық жалға алу төлем есебімен жер учаскелерін жалға алу келісім шарттарын қайта жасау үшін «Балқаш қаласы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не хабарласуы қажет. (Балқаш қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 5, 3 қабат, 1 каб., байланыс телефоны: 8 (710 36) 4-10-59 )

Дата публикации
11 января 2023