Құрметті Балқаш қаласының және Саяқ кентінің жер пайдаланушылары!

Сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынамыз:

 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 510 бабына сәйкес, салық салу мақсаты үшін Балқаш қаласының (Торанғалық және Шұбартүбек кенттері жерлерін қоса алғанда) жерлерін аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) дайындалып, 2022 жылдың 21 желтоқсандағы Балқаш қалалық мәслихатының "Балқаш қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 наурыздағы №2/20 «Жер салығының ставкасына түзету коэффициенттерімен салық салу мақсаты үшін жерлерді аймақтандыру сызбаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" №19/145 шешімімен (ары қарай - НҚА) бекітілді. Аталған НҚА 2023 жылдың 07 қаңтарында күшіне енуіне байланысты, Балқаш қаласының жерлері бойынша жер салығының мөлшерлемелері өзгерді.

Осыған орай, жер пайдаланушылар (жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалану құқығындағы жеке және заңды тұлғалар) жылдық жалға алу төлем есебін алу үшін «Балқаш қаласы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не хабарласуы қажет. (Балқаш қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 5, 3 қабат, 1 каб., байланыс телефоны: 8 (710 36) 4-10-59 )

Дата публикации
11 января 2023