Бос лауазымға орналасуға конкурс жариялау

«Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (100300, Балқаш қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, № 3 үй, анықтама үшін телефон 8 (71036)    3-07-72, факс 8 (71036) 3-07-71, электрондық пошта: balkhashkultura@mil.ru «Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Балқаш» қалалық спорттық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның негізгі қызметі: халықтың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту болып табылады.

Функционалдық міндеттері: кәсіпорынның Жарғысына сәйкес жалпы басшылық жасау және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның қызметін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық;

      мамандығы бойынша, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы және Ерекше бөлімдері), Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, психология және кадр менеджменті негіздерін, Жарғыға сәйкес кәсіпорын қызметінің мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін білуі қажет.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы                                 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекіткен мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған резюме, еркін түрде жазылған өмірбаян, білімі туралы құжаттарының көшірмелері, еңбек кітапшасының (бар болса) немесе жеке еңбек шартының немесе соңғы жұмыс орнына қабылдаған және жұмыстан босатқан бұйрықтарының көшірмелері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаттамасының үлгісін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде №21579 болып тіркелген) үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама ресми бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпараттар (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелерін, сол сияқты алдыңғы жұмыс орнының басшысының кепілдемесін және т.б.) тапсыра алады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нде конкурсқа қатысуға жіберілгендер тізімін бекіткен күннен бастап он күнтізбелік күннің ішінде әңгімелесуді өтеді.

Дата публикации
14 декабря 2022