Балқаш қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 наурыздағы №2/20 «Жер салығының ставкасына түзету коэффициенттерімен салық салу мақсаты үшін жерлерді аймақтандыру сызбаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Балқаш қалалық мәслихат ШЕШТІ:

  1. Балқаш қалалық мәслихатының «Жер салығының ставкасына түзету коэффициенттерімен салық салу мақсаты үшін жерлерді аймақтандыру сызбаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 14 наурыздағы №2/20 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8-4-277 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Балқаш қаласының, Саяқ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (сызбаларын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы»;

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«Осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес, Балқаш қаласының, Саяқ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобалары (сызбалары) бекітілсін және жер салығының базалық мөлшерлемелері арттырылсын.»;

көрсетілген шешімнің 1 және 2 қосымшалары осы шешімнің 1 және                        2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.;

осы шешімнің 3 және 4 қосымшаларына сәйкес 3 және                                         4 қосымшаларымен толықтырылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
02 декабря 2022