

Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығында қоғамдық бақылау
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес, "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" ММ қызметкері А. Баканова, ардагерлер, мүгедектер және аз қамтамасыз етілген азаматтармен жұмыс жүргізу секторы меңгерушісі Ж. Шорманова, Балқаш қаласы әкімінің мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сұрақтары бойынша кеңесшісі М.Орынбаев, "Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ бас маманы А.Агыбаевтың қатысымен, Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығында қоғамдық бақылау, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мекеменің қолжетімділігі бойынша бақылау жүргізілді. Рейдтік іс-шара барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.