

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес, Балқаш қаласы әкімінің аппараты ММ қызметшісі А.М. Баканова қоғамдық бақылау мүшелерімен бірлесе отырып мүгедектерге арналған мекемелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша Балқаш қалалық «Қазақтелеком» АҚ қоғамдық бақылау жүргізді. Топ мүшелігінің құрамына: қалалық маслихат депутаттары А.О. Аларин, Р.Савутов, «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы Ж.У. Мусина, «Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бас маманы А.С. Агыбаев кірді. Рейдтік іс-шара барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.