

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, мүгедектер үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Балқаш қаласы әкімінің аппараты ММ қызметшісі А.Т. Бекжанова қоғамдық бақылау мүшелерімен бірлесе отырып «Қарағанды облысы Балқаш қаласының мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ мүгедектерге арналған мекемелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қоғамдық бақылау жүргізді. Топ мүшелігінің құрамына: «АМАНАТ» партиясы Балқаш қалалық филиалының сарапшысы Б.А. Алишев, қалалық маслихат депутаты А.О. Аларин, консультант Б.А. Кусайнова, «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы Ж.У. Мусина, «Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бас маманы Т.Н. Қиынбек кірді. Рейдтік іс-шара барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.