

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, мүгедектер үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, Балқаш қаласы әкімінің аппараты ММ қызметшісі А.Баканова қоғамдық бақылау мүшелерімен бірлесе отырып мүгедектерге арналған мекемелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша Балқаш қаласының Металлургтер Мәдениет сарайы ғимаратында қоғамдық бақылау жүргізді. Топ мүшелігінің құрамына: қалалық маслихат депутаттары А.О. Аларин, Р.Савутов, «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сектор меңгерушісі Ж.С. Шорманова кірді. Рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша аталмыш мекемелердің басшыларына ұсынымдар берілді.