Қоғамдық бақылау

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, мүгедектер үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, Балқаш қаласы әкімінің аппараты ММ қызметшісі А.Т. Бекжанова қоғамдық бақылау мүшелерімен бірлесе отырып мүгедектерге арналған мекемелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша «Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжінде, А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық – техникалық колледжінде, Балқаш қаласының автостанциясында қоғамдық бақылау жүргізді. Топ мүшелігінің құрамына: қалалық маслихат депутаттары А.О. Аларин, Р.Савутов, «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сектор меңгерушісі Ж.С. Шорманова мен бөлімнің бас маманы Ж.У. Мусина кірді.  Рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша аталмыш мекемелердің басшыларына ұсынымдар берілді.

Дата публикации
11 июля 2022